АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Қазақстан премьер-министрі Олжас Бектенов Қырғызстандағы қазақстандық санаторийлердің құрылыс барысы мен қайта құру жоспарларын тексерді.
Ол Ыстықкөл облысында "Қазақстан" шипажайының жаңа ғимаратының құрылыс алаңына барып, Қырғызстан курортындағы 4 қазақстандық нысанның жағдайы туралы баяндамаларды тыңдады.
Сыйымдылығы 500 орындық "Самал" демалыс үйін жаңарту жоспарланып отыр. Олар 3-4 жұлдызды қонақ үй салуды жоспарлап отыр.
Инвесторлармен "Университет" спорттық-сауықтыру лагерін қайта құру туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр. Оның негізінде қазақстандық спортшылардың жаттығуларына арналған инфрақұрылым ұйымдастырылады.
Сонымен қатар "Олимп" спорттық-сауықтыру орталығын жөндеп, кеңейтуді ойластырылып жатыр.