Премьер-министр есірткімен күрес жөніндегі республикалық штабты басқарады

Sputnik
АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Үкімет нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Премьер-министрдің өкімімен Нашақорлық профилактикасы және есірткі қылмысына қарсы іс қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб құрылды. Оған премьер-министр басшылық етеді, басшының орынбасарлары ретінде премьер-министрдің орынбасары және ішкі істер министрі айқындалды", - деп жазылған үкіметтің хабарламасында.
Штабтың негізгі міндеті болып:
мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы тұру жөніндегі іс-қимылын үйлестіру,
алдын алу шаралары кешенін жүзеге асыру бойынша тиімді тәсілдер әзірлеу,
есірткіге тәуелді адамдардың профилактикасын, емін және оңалту жүйесін жетілдіру жұмыстары айқындалды.
Штаб құрамына Бас прокуратураның, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қаржы мониторингі агенттігінің, Ұлттық банктің, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің өкілдері, сондай-ақ бірқатар жауапты министрлік басшылары енді.
Сондай-ақ облыстарда, Астана, Алматы және Шымкент қалаларында өңірлік штабтар құру көзделген.
Есірткіге тәуелді жандар проблемасын жасырады – Тоқаев