АЛМАТЫ, 14 тамыз – Sputnik. Павлодар облысында өгей қызын бірнеше рет зорлаған өгей әке сотталды, деп хабарлайды облыстық сот.
Қылмыстық іс Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында жабық түрде өтті.
Сотталушының кінәсі толық дәлелденген.
"Істің мән-жайын ескере отырып, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қатаң режимдегі мекемелерінде өтейді", - дейді ведомство.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.