АСТАНА, 14 тамыз – Sputnik. Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің мәйіті табылды, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті.
Нәрестені жолдан өтіп бара жатқан адам тауып алған. Шақалақ айы-күні жетпей шала туған.
"Орал қаласында табылған баланың мәйіті бойынша полиция қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр. Анасының кім екені анықталады. Қазіргі уақытта жедел-іздестіру жүріп жатыр", - дейді ведомстводағылар.