Емтихандар мамырдың аяғынан маусымның ортасына дейін өтеді және еліміздің барлық жалпы білім беру мекемелсін, соның ішінде қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдеріндегі мектептерді қамтиды.
9-шы (10-шы) сыныптар 29 мамырдан 11 маусымға дейін мына пәндерден емтихан тапсырады:
Математика - 29 мамыр;
Таңдау емтиханы - 3 маусым;
Оқу тілі бойынша эссе жазады - 8 маусым;
Қазақ/орыс тілі мен әдебиеті – 11 маусым.
11-ші (12-ші) сыныптар 2 маусымнан 15 маусымға дейін мына пәндерден емтихан тапсырады:
Қазақстан тарихы (ауызша) - 2 маусым;
Алгебра және талдаудың басталуы - 5 маусым;
Оқу тілі бойынша эссе жазу - 9 маусым;
Таңдау емтиханы - 12 маусым;
Қазақ/орыс тілі мен әдебиеті – 15 маусым.