Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір адам көз жұмды

Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады
Sputnik
АСТАНА, 13 тамыз - Sputnik. Алматыда ағаш бұтағы құлап, бір адам қаза тапты.
Қайғылы оқиға 13 тамыз күні "Қарасай паркі" тұрғын үй кешені маңында болған.
Желіде тараған ақпарат бойынша, марқұм сол маңдағы кеңседе есепші болып жұмыс істеген. Оқиға кезінде ол әріптесімен бірге кеңсеге қайтып келе жатқан.
Ағаш бұтасы құлаған кезде екінші қыз қашып үлгерген.
Алматы полициясы қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алматыда аққуды қылқындырған ер адам қамауға алынды