Тамыздың 12-сінен 13-сіне қараған түнін көп адам ашық аспан астында өткізді. Себебі, дәл осы түні Персеида метеорит жауын белсенді болды.
Жалпы жыл сайын планетаның солтүстік жарты шарында шілдеден тамызға дейін метеорлардың белсенділігінің жоғарылауын байқауға болады. 2025 жылы Персеида метеорлық жауыны 17 шілде мен 31 тамыз аралығында болды.