Қазақстанда екі негізгі мектеп пәні біріктіріледі

Әзірше жоба пилоттық режимде іске қосылады
Sputnik
АСТАНА, 12 тамыз - Sputnik. Қазақстандағы кейбір мектепте пәндерді біріктіруді сынақтан өткізе бастайды.
Бұл туралы үкіметтегі брифингте білім министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.
Жоспар бойынша алгебра мен геометрияны бір пәнге - математикаға біріктіру көзделіп отыр.
Әзірше жоба пилоттық режимде іске қосылады. Егер жоба оң нәтиже көрсетсе, жалғасатын болады.
Министр мұғалімдер кез-келген жағдайда жұмыссыз қалмайды деп сендірді.
Алматы облысындағы мектептерде прокурорлар мен полицейлер сабақ береді