АСТАНА, 11 тамыз - Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі аумақтық полиция департаменттерімен бірлесіп республика бойынша медициналық ұйымдарда тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекетінің жұмысын қамтамасыз етті.
Бүгінгі таңда республика бойынша 152 полиция посттары жұмыс істейді:
қалалық стационарларда - 30;
облыстық стационарларда - 10;
балалар стационарларында - 12;
перинаталдық орталықтарда - 5;
аудандық орталық ауруханаларда - 48;
аудандық ауруханаларда – 23.
"Посттарды ұйымдастыру - оқиғаларға жедел жауап беруге, шиеленістердің алдын алуға және медицина қызметкерлерінің де, пациенттердің де қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - дейді денсаулық сақтау министрлігі.
Шара медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау жағдайларының көбеюіне байланысты қабылданған. Мемлекет басшысы қызметтік міндеттерін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылық үшін жазалау шараларын қатаңдатуды тапсырған болатын.