АСТАНА, 11 тамыз – Sputnik. Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан еуропа лидерлерін Ақ үй басшысы Дональд Трамптың Украинада бейбітшілік орнату бойынша бастамасын қолдауға шақырды.
"Соғыс па, бейбітшілік пе? Трамп бейбітшілікті қалайды, сондықтан келесі жұмада Путинмен кездеседі. Енді еуропа лидерлерінде мүмкіндік пайда болады. Олар бейбіт өмірді бұзды, бірақ енді оны қалпына келтіре алады. Оларға президент Трампты қолдау ғана қалды", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Кремль мен Ақ үй бұған дейін Путин мен Трамптың Аляскада 15 тамызда кездесетінін хабарлаған болатын.
Өткен аптада Ресей президенті Владимир Путин Кремльде Дональд Трамптың арнайы өкілі Стивен Уиткофты қабылдады, әңгіме үш сағаттан астам уақытқа созылды. Америка өкілі арқылы мемлекет басшылары Украинаға қатысты ақпарат алмасты, сондай-ақ Мәскеу мен Вашингтон арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.