Екі мыңға жуық талапкердің ақысыз оқуға мүмкіндігі бар: жергілікті әкімдіктер грант бөлді

Дәстүрлі әкімдіктер грантына өтініш қабылдау басталды
Sputnik
АЛМАТЫ, 11 тамыз - Sputnik. 2025-2026 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініш қабылдау басталды. Бұл туралы ғылым және жоғарғы білім министрлігі хабарлады.
Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі. Биыл жергілікті атқарушы органдар 1544 білім беру гранттарын бөлді.
"526 грантты елорда әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш", - дейді ведомство.
Жергілікті әкімдіктерден бөлінген гранттар:
Шығыс Қазақстан облысы – 299 грант;
Шымкент қаласы – 285 грант;
Атырау – 265 грант;
Абай облысы – 200 грант;
Түркістан – 180 грант;
Батыс Қазақстан облысы – 128 грант;
Маңғыстау облысы – 108 грант;
Қалған аймақтарда 100-ге жуық гранттан бөлінген.
Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер:
жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет;
ЖОО-ға білімі туралы құжат;
ҰБТ сертификатын;
жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.
2025 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды