АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар енгізу мәселесі Мәскеудің әрекетіне байланысты болатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл Ресей президенті Владимир Путинге байланысты. Оның не айтатынын көреміз, бұл осыған байланысты болады", - деді Трамп Ақ үйде журналистерге.
Трамп сонымен бірге "ұзақ күткенді ұнатпайтынын" ескертті.
Ол Украинада атысты тоқтату келісімі бұрын жариялаған мерзімде орындалмаса, Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынатынын бұған дейін де айтқан болатын.
Дегенмен ол Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізудің тиімділігіне күмән келтірген болатын.
Америка басшысы Ресей мен Украина арасында бітімге келу үшін бұрын белгілеген 50 күндік мерзімді 10-12 күнге дейін қысқартып жатқанын айтып, қақтығысты шешуде ілгерілеушіліктің жоқтығын алға тартты.