Салық берешегінің шекті сомасы бекітіледі

Егер салық берешегі бұл көрсеткіштен көп болса, салық органдары оларды мәжбүрлеп өндіріп алуға кіріседі
Sputnik
АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Қазақстанда салық берешегінің шекті сомасын бекітеді. Егер салық берешегі бұл көрсеткіштен көп болса, салық органдары оларды мәжбүрлеп өндіріп алуға кіріседі.
Егер қарыз аз болса, онда тек хабарлама жіберіліп, айыппұл салынады.
Қаржы министрлігі сәйкес бұйрық жобасын дайындады. Құжат таяуда қабылданған Салық кодексіне негізделіп отыр. Кодексте салық берешегінің ең жоғары мөлшері 20 АЕК – 78 640 теңгені құрайды. Яғни, салық берешегі осы сомадан көп болса, онда ол өндіріледі.
Жаңа Салық кодексі бюджетке 3,5 трлн теңге түсім әкеледі