АСТАНА, 8 тамыз – Sputnik. Алматы облысы Үлкен ауылында Қазақстандағы тұңғыш атом электр станциясының құрылыс жұмыстарын салтанатты түрде бастауға дайындалып жатыр.
Бүгін Балқаш жағалауында жерді бұрғылауға кіріседі. Бұрғылау барысында алынған топырақ салынған капсула зерттеу жүргізу үшін салтанатты түрде Ресей тарапына тапсырылады.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы басталады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Росатом" және Қазақстанның атом энергиясы жөніндегі агенттігі Үлкендегі болашақ станцияның макетін көрсетті.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің макеті
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Салтанатты шара өтетін жерге шенеуніктер, энергетика министрлігі мен "Росатом" өкілдері жиналып жатыр.
Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің құрылысы басталады
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын ресейлік "Росатом" корпорациясы жүргізеді.