Газа секторынан 6 Қазақстан азаматы эвакуацияланды

Sputnik
АСТАНА, 10 тамыз – Sputnik. Газа секторынан 6 Қазақстан азаматы эвакуацияланды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігі.
"Газа секторындағы күрделі гуманитарлық жағдайдың сақталуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үйлестіруімен Қазақстанның Иордания мен Израильдегі шетелдік мекемелері қақтығыс аймағынан алты отандасымызды эвакуациялауды сәтті ұйымдастырды", - деп жазылған хабарламада.
Қазақстан азаматтары шекаралық өткізу пункттері арқылы сәтті өткізіліп, Амман қаласындағы Әлия патшайым атындағы халықаралық әуежайға жеткізілді, сол жерден олар Отанға оралды.
Газа секторындағы атысты тоқтату туралы келісім бүгін күшіне енеді