АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Ақ үй басшысы Дональд Трамп командасын Ресей президенті Владимир Путинмен және Украина басшысы Владимир Зеленскиймен кездесуді тезірек жоспарлауға шақырды, деп хабарлайды CNN.
"Трамптың көмекшілері бұл кездесулерді бірден жоспарлауға кірісті. Әдетте президенттің сапарын және екі әлемдік көшбасшымен маңызды кездесуді жоспарлауға уақыт қажет екеніне қарамастан, шенеуніктер Трамп өз командасын тез әрекет етуге шақырып жатқанын атап өтті", - деп хабарлады телеарна америкалық шенеуніктерге сілтеме жасап.
Бір күн бұрын New York Times газеті Трамптың келесі аптада Путинмен жеке кездесіп, көп ұзамай Зеленскийдің де қатысуымен үшжақты келіссөз өткізуге ниетті екенін мәлімдеді.
Уиткоффтың Мәскеуге сапары
Сәрсенбі күні Путин Кремльде Америка өкілі Стив Уиткоффты қабылдады, әңгіме үш сағаттан астам уақытқа созылды. Бұл Трамптың арнайы өкілінің жыл басынан бері Ресейге жасаған бесінші сапары.
Кездесуден кейін Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков екі ел басшылары Уиткофф арқылы Украинаға қатысты пікір алмасқанын айтты. Ол диалогтың пайдалы болғанын атап өтті. Мәскеу мен Вашингтон арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту перспективалары да талқыланған.
Кейінірек Трамп кездесуде тараптардың үлкен прогреске қол жеткізгенін мәлімдеді.