Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Путинмен кездесу ықтималдылығы жоғары екенін айтты

Дегенмен кездесудің мән-жайы әлі нақтыланған жоқ
Sputnik
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей басшысы Владимир Путинмен жақында кездесу мүмкіндігі жоғары екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Жақындағы кездесуіміздің жақсы мүмкіндігі бар", - деді Трамп Ақ үйде.
Оның айтуынша, кездесудің мән-жайы әлі нақтыланған жоқ.
"Біз кездесу қайда болатынын әлі анықтаған жоқпыз. Бірақ президент Путинмен әңгімелесу өте жақсы болды. Біз осы бағыттағы бұл жолды аяқтауымызға өте жақсы мүмкіндік бар", - деді Трамп Ақ үйде.
Сонымен қатар Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынатын уақыт та таяп қалғанын, бірақ дәл қазір өте маңызды келіссөздер жүріп жатқанын мәлімдеді.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп АҚШ-ты Украина қақтығысынан шығарғысы келетінін айтты