Халық тарифтің қалай өзгергенін ұялы телефоннан қарап отырады – жаңа жоба

"Smart Turmys" бірыңғай жүйесін толығымен іске қосу үшін мыңдаған есептегіш құралын орнату керек
Sputnik
АСТАНА, 7 тамыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев "Smart Turmys" бірыңғай жүйесі қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Осы жоба аясында әрбір адам мобильді қосымшадан үйдегі есептегіш құралдардың көрсеткішін ғана емес, монополистердің тарифті қалай өзгертіп жатқанын да көре алады.
"Ал монополистерге қандай да бір сұрақ болса, сол жерде тікелей жазуға мүмкіндік жасалады. Сосын банктер арқылы коммуналдық шығынды төлеуге мүмкіндік болады", - деді Бозымбаев үкіметте өткен брифингте.
Оның айтуынша, "Smart Turmys" бірыңғай жүйесін толығымен іске қосу үшін әлі мыңдаған есептегіш құралын орнату керек. Әрбір құралдан көрсеткіш автоматты түрде жіберілуі шарт.
"Осы жүйеге Big Data мен жасанды интеллектіні де енгіземіз. Жасанды интеллект тарифтер қай жерде және не себепті өскенін көрсетіп отырады. Осындай талдаудың бәрі қолжетімді болатындай жасауға тырысамыз", - деп атап өтті Бозымбаев.
Айта кетері, келесі жылдан бастап коммуналық тарифтер 20-30 процентке көтеріліп тұрады.
Коммуналдық тарифтер неше теңгеге көтеріледі