АСТАНА, 6 шілде - Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың аяқталуын күтетінін айтып, дағдарыс оның алдындағы президент Джо Байденнің кесірінен туындағанын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Бұл Байденнің соғысы, менікі емес. Мен бізді одан шығару үшін барымды салып жатырмын", - деді Трамп Ақ үйде журналистерге.
Оның айтуынша, әкімшілік АҚШ-ты шығару үшін көп жұмыс істеп жатыр.
АҚШ президенті Украина төңірегіндегі жағдайдың реттелуін күтетінін айтты.
"Мен көптеген соғысты тоқтаттым. Бұл мен тоқтатуға тырысып жатқан кезекті қақтығыс", - деді АҚШ президенті.