АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Грузияның Тбилиси қаласында екі күн бұрын жоғалған Шыңғыс Мұсаділовтың денесі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бұған дейін қаланың чаттарында 27 жастағы жігіттің жоғалғаны туралы ақпарат тараған болатын.
Шыңғысты соңғы рет 4 тамызда түнгі сағат 03:00-04:00-дің шамасында Руставели метросы жанындағы Laila қонақүйінің маңайында көрген. Одан кейін телефоны өшіп қалған. Ал туыстары полицияға арыз жазды.
Бүгін іздестіру жұмыстары аяқталды. Шыңғыстың денесі табылды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Грузияның Қазақстандағы елшілігі Шыңғыс Мұсаділовтың Тбилиси қаласында қайтыс болғанын растады.