Шавкат Рахмоновтың әйелінен куәгер ретінде жауап алынды

Sputnik
АЛМАТЫ, 6 тамыз – Sputnik. Жол апатына ұшыраған Шавкат Рахмоновтың әйеліне қатысты полиция тың мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Полицияның айтуынша, Рахмоновтың әйелінен күдікті емес, куәгер ретінде жауап алынған.
"Қазіргі уақытта сіз атап өткен азамат қорғалуға құқығы бар куә ретінде сұралды", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бойынша тергеу әрекеттері аясында оқиғаның объективті мән-жайын анықтауға бағытталған барлық қажетті процессуалдық шара жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар жасалған.
Еске сала кетейік, 28 шілдеде Шавкат Рахмоновтың әйелі жеке көлігімен жол апатына ұшырады. Көлік ішіндегі екі жолаушы көз жұмды. Ал Шавкат Рахмоновтың әйелі мен баласы ауруханаға түсті.
Шавкат Рахмоновтың әйелі жол апатына түсті: екі адам көз жұмды