Қазақстанда мал азығы қоспасын өндіретін алғашқы зауыт салынады

Зауыт Алматы облысының аумағында салынады
Sputnik
АЛМАТЫ, 6 тамыз - Sputnik. KazFoodProducts компаниялары мен UBM Group венгриялық холдингі премикс өндірісі бойынша бірлескен кәсіпорын құру туралы инвестициялық келісімге қол қойды, деп хабарлайды "АРК жаңалықтары" ақпарат агенттігі.
Премикс – бұл құрама жемді байытатын теңдестірілген дәруменді-минералды кешен.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, зауыт Алматы облысының аумағында салынады.
"Жобаның қуаттылығы жылына 48 мың тонна. Бұл премиксті – ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жоғары сапалы жемшөп өндірісіндегі маңызды компонентті өнеркәсіптік өндіруге маманданған Қазақстандағы алғашқы кәсіпорын болады", - делінген хабарламада.
Қазір премикстің басым бөлігін Қазақстан импорттап жатыр. Жаңа зауыт импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендетуге, ішкі өндірісті дамытуға және отандық мал шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Қазақстанда мал азығы 43% дайын