АСТАНА, 6 тамыз – Sputnik. Ғарышкер батыр Талғат Мұсабаевты халық соңғы сапарға шығарып салды. Қаралы жиында сөз сөйлеген әрбір адам ғарышкер туралы жылы лебізін жеткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қаралы хабар жете салып, президент қаралы жиынды ұйымдастыруды тапсырды, деп бастады жиында алғашқылардың бірі болып сөз сөйлеген мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин.
Ғарышкер батыр Талғат Мұсабаевты халық соңғы сапарға шығарып салды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
"Ғарышкер болу оңай емес, оған таудай талап, қайтпас қайсар, темірдей тәртіп керек. Ол алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын азамат еді. Тұғырлы тұлға ретінде қалыптастырған да сол мінезі", - дейді Қарин.
Ғарышкерді соңғы сапарға шығарып салуға Айдын Айымбетов, Тоқтар Әубәкіров, Бақытжан Ертай, қорғаныс министрлігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері мен депутаттар, басқа да лауазымды өкілдер келді. Қоштасуға келген халықтың қарасы көп.
Қарин қаралы жиын басында президенттің көңіл айту хатын оқып, батырын жоғалтқан елге көңіл айтты.
"Жер бетінен Гагарин алғаш ғарышқа ұшып, адамзат баласы Гагарин деп айқайлап жатқанда, Талғат "Талғат Мұсабаев" деп өз атын атап айқайлаған екен. Ол 43 жасында ғарышқа ұшты. Кейінгі жылдары ғарыш саласын дамытуға кіріскен болатын", - дейді Ерлан Қарин.
Ғарышкер батыр Талғат Мұсабаевты халық соңғы сапарға шығарып салды
© Sputnik/Ертай Сарбасов
Талғат Мұсабаев Гагарин ғарышқа ұшқан жылы 10 жаста болған.
Талғат Мұсабаев 1951 жылы 7 қаңтарда Алматы облысының Жамбыл ауданында дүниеге келген. Әр жылдары Қазақстан Ұлттық ғарыш агенттінің төрағасы, президент кеңесшісі, парламент сенатының депутаты болып қызмет атқарды.
Ол - үш рет ғарышқа ұшқан қазақ батыры. Марқұм Кеңсайдағы бейітке жерленеді.