Түркістан облысында 90 жылдық тарихы бар мәдениет үйі өртенді

Ғимараттың үстіңгі қабатындағы жылу оқшаулағыш материал жанған
Sputnik
АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Түркістан облысы Кентау қаласы Ащысай ауылынлағы мәдениет үйі өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
90 жылдық тарихы бар мәдениет үйі Мұханов көшесінде орналасқан.
Өрт сөндірушілердің айтуынша, ғимараттың үстіңгі қабатындағы жылу оқшаулағыш материал жанған.
"Өрт 600 шаршы метрге жайылған. Жедел жеткен құтқарушылар өрттің таралуына жол бермей, тез арада сөндірді", - дейді ведомство.
Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталуда.
Алматыда сауда орталығынан өрт шықты