Тоқаев БҰҰ конференциясының делегация басшыларын қарсы алу рәсіміне қатысады

Мемлекет басшысы аталған конференцияға қатысу үшін кеше Түрікменстанға аттанған болатын
Sputnik
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Тоқаев БҰҰ конференциясына қатысу үшін "Аваза" конгресс-орталығына барды, деп хабарлады Ақорда.
Президент Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған БҰҰ үшінші конференциясының делегация басшыларын қарсы алу рәсіміне қатысады.
Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов күтіп алды.
Мемлекет басшысы аталған конференцияға қатысу үшін кеше Түрікменстанға аттанған болатын.
Тоқаев Түрікменстандағы БҰҰ конференциясына қатысады