Бейжіңдегі нөсер жауын: 82 мыңнан астам адам эвакуацияланды

Қытай астанасындағы 3200-ден астам құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды
Sputnik
АСТАНА, 5 шілде - Sputnik. Бейжің билігі нөсер жаңбыр кезінде 82 мыңнан астам адамды қауіпсіз жерге көшірді, деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.
"Нөсер жаңбыр салдарынан Бейжіңнің әртүрлі аудандарынан 82 мыңнан астам адам эвакуацияланды", - делінген хабарламада.
Агенттік хабарлағандай, Қытай астанасындағы 3200-ден астам құрылыс нысанында жұмыс тоқтатылды.
Дүйсенбі күні түстен кейін Қытайдың метеорологиялық қызметі Бейжіңде нөсер жаңбырға байланысты дабылды ескерту жариялады. Жауын кешкі уақытта басталып, сейсенбі күні таңертеңге дейін созылды.
Өткен аптаның басында Бейжіңде де толассыз жаңбыр жауды. Табиғи апат құрбандарының саны 44 адамға жетіп , 80 мыңнан астам адам қауіпсіз аймақтарға уақытша көшірілді.
Фото
Бейжіңдегі шоу: робот-бармен және робот-әнші – фото