Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар салынатынын айтты

Дегенмен Трамп Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізудің тиімділігіне күмән келтірген болатын
Sputnik
АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге қарсы жаңа санкциялар салатынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.
Ол Украинада атысты тоқтату келісімі бұрын жариялаған мерзімде орындалмаса салынатынын жеткізді.
"Санкциялар болады, бірақ олар санкцияларды айналып өте алады. Олар бұл мәселеде өте ақылды. Сондықтан не болатынын уақыты келгенде көреміз", - деді Трамп журналистерге.
Өткен аптада Трамп Ресейге қарсы қосымша санкциялар енгізудің тиімділігіне күмән келтірген болатын.
Америка басшысы Ресей мен Украина арасында бітімге келу үшін бұрын белгілеген 50 күндік мерзімді 10-12 күнге дейін қысқартып жатқанын айтып, қақтығысты шешуде ілгерілеушіліктің жоқтығын алға тартты.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Трамп Ресейге салынатын санкциялар жайында айтты