АСТАНА, 4 тамыз – Sputnik. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік вице-министрінің ұсталғанын хабарлады.
"Көлік вице-министрі пара алды деген күдікпен ұстап, сот санкциясымен қамауға алынды. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды”,-делінген ресми хабарламада.
Айта кетері, демалыс күндері әлеуметтік желіде көлік вице-министрі Сатжан Аблалиевтің ұсталғаны жайында ақпарат тараған болатын.