АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. ЕЭК кеңесі натрий сульфиді мен целлюлоза эфиріне әкелу кеден бажы ставкасын 2026 жылдың соңына дейін алып тастады.
Натрий сульфидтеріне қатысты шешім Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің металлургия және химия өнеркәсібі кәсіпорындарын қолдауға бағытталған, деп атап өтті ЕЭК сауда блогы.
Целлюлоза эфирі негізінен басты ингредиент – суды байланыстыратын зат және қоюландырғыш ретінде өнімнің көптеген түрінде және өнеркәсіп салаларында: тұрмыстық тазалау құралдарында, майлау материалдарында, фармацевтикада, құрылыс материалдарында, желімдерде, бояулар мен лактарда, мұнай-газ өнеркәсібінде және т.б қолданылады.
Кедендік-тарифтік реттеудің тиісті шараларын енгізу дайын өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, ішкі және сыртқы нарықта олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді. Шешім бір айдан кейін күшіне енеді.