АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс келіссөздер арқылы аяқталуы керек деп санайды, деп мәлімдеді АҚШ-тың НАТО-дағы тұрақты өкілі Мэтью Уитакер WHO 13 News телеарнасына берген сұхбатында. Бұл туралы РИА новости хабарлады.
"Менің ойымша, президент Трамп Украинадағы бұл қақтығыстың ұрыс даласында шешілмейтінін анық айтты. Сайып келгенде, қандай да бір келісім бойынша келіссөздер жүргізуге тура келеді", - деді ол.
Сонымен қатар дипломат Трамптың арнайы өкілі Стив Виткоффтың осы демалыс күндері Мәскеуге сапары нәтижелі болып, екі жаққа да тиімді мәміле жасауға көмектесетініне сенім білдірді.