АСТАНА, 3 тамыз – Sputnik. Орталық ғылым және жоғары білім министрлігі мен Алматы қаласы әкімдігінің бастамасымен қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің базасында ашылды.
"Әр жоғары оқу орнының жанынан арнайы цифрлық платформа құрылды. Ол отандық жоғары оқу орындарының 80%-де бар. Жатақханадан орын ала алмаған студенттер ахуалдық орталықтың көмегіне жүгіне алады. Алматыда бос орын таба алмай қиын жағдайға тап болған студенттерге университеттермен бірлесе төтенше жағдайға арналған 55 арнайы бөлме дайындадық", – деді министр.
Орталықта 10 толыққанды жұмыс орны бар. Арнайы жұмыс орны заманауи компьютерлермен, байланыс құралдарымен, цифрлық дерекқорларға қолжетімділікпен және жоғары оқу орындарымен жедел байланыс арналарына қосылған жүйемен жабдықталған.
Министрдің айтуынша, жатақхана мәселесін шешу үшін елімізде арнайы нормативтік субсидиялар ұлғайтылды. Жекеменшік компанияларды тартып, 5 жылдың ішінде 400-ден астам жатақхана салынды.
Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мақсатында ахуалдық орталық ашылды
Алматыда ситуациялық орталықтың іске қосылуы студенттердің тұрмыс жағдайын жақсартып, жастардың қолжетімді тұрғын үймен қамтамасыз етуіне септігін тигізбек.