АСТАНА, 2 тамыз – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Newsmax басылымына берген сұхбатында Украинамен атысты тоқтату келісіміне қол жеткізілмесе, Ресейге қарсы санкция салуға дайын екенін айтты, деп хабарлады РИА Новости.
"Біз санкция саламыз, ал Путин санкциялар жайын жақсы біледі. Ол санкцияларды айналып өтуді біледі", - деді Трамп.
Трамп таяу болашақта Путинмен келіссөз жүргізу мүмкіндігін де бағалады.
"Қалай болатынын көреміз. Жоспарланған кездесулер бар, сосын белгілі болар", - деді Трамп 10 күндік ультиматум мерзімі біткенше Путинмен сөйлесе ме, жоқ па деген сұраққа жауап бере отырып.
14 шілдеде АҚШ президенті Мәскеуге Киевпен бейбіт келісімге келуді талап етіп ультиматум қойды. Шарттарды орындамаған жағдайда мұнай, газ және басқа да энергетикалық ресурстарды сатып алатын елдерге екінші реттік баж салығымен бірге ресейлік тауарлардың импортына 100 пайыздық тарифтер енгіземіз деп қорқытты