АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Жамбыл облысының Жуалы ауданында "Ақсай Жуалы" минералды су өндірісінің іске қосылды, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Жаңа жұмыс орындары ашылады, ауыл дамиды, жергілікті тұрғындарға жаңа мүмкіндіктер туады. Ең бастысы – әрбір тұрғын бұл суды өзіне ең жақын жердегі дүкеннен сатып ала-алуына жағдай жасауға тиіспіз. Біз жергілікті өнімге деген сұранысты қалыптастыруымыз қажет",– деді облыс әкімі әкімі Ербол Қарашөкеев.
Аталған жоба жеке инвестиция есебінен жүзеге асырылған. Жалпы инвестиция көлемі – 400 миллион теңге. Зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 80 тонна минералды су өндіруге мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңде кәсіпорынға 15 жергілікті тұрғын жұмысқа қабылданды.
"Ақсай Жуалы" брендімен шығарылатын өнім облыстан бөлек Астана, Алматы, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Орал, Ақтау және басқа да өңірлерге жеткізіледі.
Айта кетейік ағымдағы жылдың алғашқы жартыжылдығында облыста негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 301,8 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48,1%-ға артты.