АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Сочи тауындағы Аишха асуында Жеңістің 80 жылдығына орай Ұлы Отан соғысы жауынгерлеріне арналған ескерткіш орнатылды, деп хабарлайды РИА Новости.
Аишха асуының Сочи мен Красная Полянаны қорғауда стратегиялық маңызы зор болды.
"Неміс әскерлері қарсылыққа тап болып, асудан өте алмады және бұл оларды Кавказдағы шабуылдан бас тартуға мәжбүрлеген шешуші факторлардың бірі болды.", - делінген хабарламада.
Мемориал Краснодар өлкесінің азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар министрі Сергей Штриковтың бастамасымен жасалды, деп хабарлады ведомстводағылар.
Жаңа ескерткіш Кубан-СПАС қызметінің қамқорлығында болады.