Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Украинада ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізуді талқылауға шақырды

Ресей президенті мұндай мәселелер бойынша келіссөздер тыныштық жағдайында жүргізілуі керек
Sputnik
АСТАНА, 1 тамыз – Sputnik. Украинада мерзімді шектеусіз ұзақ мерзімді, тұрақты бейбітшілікке қол жеткізуге арналған қадамдарды талқылау қажет, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
Украина делегациясы жалпыеуропалық қауіпсіздік контекстінде Ресейдің де, Украинаның да қауіпсіздігі туралы айтудың жөні бар деген пікір білдіргенін еске салды.
"Бұл ойды Украина делегациясы жетекшілерінің бірі білдірді. Жалпы, бұл дұрыс деп есептейміз", - деді Путин.
Ресей президентінің пікірінше, бұл мәселеге бейбіт жолмен келу үшін көпшілік алдында емес, келіссөздер процесі тыныштық жағдайында жүргізілуі керек.
"Осының барлығын бірге талқылау керек және мерзімді шектеусіз ұзақ мерзімді, тұрақты бейбітшіліктің негізін құруы керек", - деді Путин журналистерге.
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин мен Трамп кездесуі қашан болады - Песков жауап берді