Жамбыл облысындағы атысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адам ұсталды

Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды
Sputnik
АСТАНА, 31 шілде – Sputnik. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері Мойынқұм ауданында болған атысқа қатысы бар деген күдікпен төрт адамды ұстады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұсталғандардың барлығы – сол ауданның тұрғындары. Қазіргі таңда күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деп жазылған хабарламада.
Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді.
Жамбыл облысында ауылда атыс болды: 4 адам жарақат алды