АСТАНА, 31шілде – Sputnik. Қазақстанның Энергетика министрлігі жаңа бұйрық жариялады.
Құжатқа сәйкес, 2025 жылдың 1 тамызынан бастап электр энергиясының тарифі көтеріледі. Электр энергиясын сататын мына компаниялардың тарифі өзгереді:
Алматы:
"Кристалл Менеджмент" АҚ тарифті 15,27 теңгеден 16,09 теңгеге дейін арттырады.
Ақтөбе облысы:
Ақтөбе ЖЭС – кВт/сағ үшін 17,54-тен 18,19 теңгеге дейін,
"Ақтөбе рельс-арқалық зауыты" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 21,11 теңгеден 23,58 теңгеге дейін,
"Қазхром" ТҰК" АҚ – 10,67 теңгеден 11,65 теңгеге дейін.
Атырау облысы:
"Karabatan Utility Solutions" ЖШС – 10,67 теңгеден 13,06 теңгеге дейін.
Жамбыл облысы:
Т.И. Батуров атындағы ГРЭС – кВт/сағ үшін 22,58 теңгеден 23,25 теңгеге дейін.
Батыс Қазақстан облысы:
"Жайықжылуэнерго" АҚ – 13,25 теңгеден 13,95 теңгеге дейін,
"Батыс Пауэр" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі – 15,89 теңгеден 17,63 теңгеге дейін.
Қызылорда облысы:
"Қызылордажылуэлектрорталығы" – 12,10 теңгеден 13,13 теңгеге дейін.
Маңғыстау облысы:
МАЭК-Қазатомөнеркәсіп – 22,16 теңгеден 23,26 теңгеге дейін,
"OzenMunaiProm" ЖШС – 26,92 теңгеден 28,68 теңгеге дейін.
Рудный, Қостанай облысы:
"ССГПО" АҚ – 18,82 теңгеден 18,94 теңгеге дейін.
Шымкент:
"З-Энергоорталық" кәсіпорны – 16,77 теңгеден 18,46 теңгеге дейін.