АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Ақ үй басшысы Дональд Трамп Украинадан келген босқындарға қатысты жаңа мәлімдеме жасады, деп хабарлады РИА Новости.
Бейнежазбаны X әлеуметтік желісінде Foreign Press тілшісі Алекс Рауфоглу жариялады.
"Менің ойымша, біз рұқсат етеміз деп ойлаймын. Бізге Украинадан көптеген адам келді, біз олармен жұмыс істеп жатырмыз", - деді ол бұл туралы сұраққа жауап беріп.
Өткен аптада Жоғарғы раданың депутаты және қаржы комитетінің басшысы Даниил Гетманцев Украинаның шетелдегі азаматтарды қайтару үшін қаржылық ынталандыру немесе жеңілдіктер беруге қауқарсыз екенін айтты.
Оның айтуынша, бұл үшін елде жалақыны ұлғайту, тұрғын үйді қолжетімді ету, құрылыс индустриясын, әлеуметтік саланы дамыту, білім деңгейін арттыру қажет.