Қостанай облысында жүргізуші көлік салығын төлемегені үшін қамауға алынды

Оған биыл сәуірде ықтимал жауапкершілік туралы ескертілген
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Қостанай облысында жүргізуші көлік салығын төлемегені үшін қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Азамат Ш. Бейімбет Майлин ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының салық бұйрығына сәйкес 9 600 теңге көлемінде көлік салығын төлеуден жалтарған", - деп жазылған хабарламада.
Жеке сот орындаушысы жүргізушінің салық сомасын өндіріп алу туралы бұйрықты орындаудан жалтару фактісін растады.
Оған жұмыспен қамту орталығына жолдама берілгеніне қарамастан ол жұмысқа орналаспаған. 2025 жылдың сәуірінде азамат Ш. ықтимал жауапкершілік туралы ескертілді.
Істі қарау қорытындысы бойынша сот оны әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, 1 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алуға шешім қабылдады.
Қырғыздар енді көлікке салық төлемейді