Қордайдағы жол апаты: жүргізуші өз көлігінің астында қалып қойды

Жүргізуші Тараз қаласынан Алматы қаласына қарай бара жатып, жол жиегінде тұрған "Камаз-5511" жүк көлігімен соқтығысқан
Sputnik
АСТАНА, 30 шілде – Sputnik. Жамбыл облысы Қордай ауданы Кенен ауылының маңында жол апаты болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Қордай ауданында жүк көліктері соқтығысты. Оқиға 30 шілдеде болған.
"Газ-33023" және "Камаз-5511" автомобильдері жол апатына түсті. Газ-33023" маркалы автокөліктің жүргізушісі сол жерде қайтыс болды. Оны өз көлігі басып қалған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, "Газ-33023" жүргізушісі Тараз қаласынан Алматы қаласына қарай бара жатып, жол жиегінде ілеспе бағытта тұрған "Камаз-5511" жүк көлігімен соқтығысқан”, - дейді ведомстводағылар.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жалғасып жатыр.