АЛМАТЫ, 30 шілде – Sputnik. Көкшетауда "Shacman" маркалы автокөліктің жүргізушісі оқыс жағдайда көз жұмды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Оқиға жанармай құю станцияларының бірінде болды. "Shacman" жүргізушісі жанармай құйып болған соң көлігін жөндемек болып астына түскен. Осы сәт тоқтап тұрған көлік жүріп кеткен.
Қайғылы жағдай 28 шілдеде болған.
"Сағат 05:00 шамасында Көкшетау қаласының жанармай құю станцияларының бірінде автокөліктің жүргізушісін тоқтап тұрған өз көлігі басып кетті. 34 жастағы жүргізуші алған жарақатынан сол көз жұмды. Қазір тергеу жүріп жатыр", - дейді Ақмола облыстық полиция департаменті.
Еңбек инпекциясы тексерісті бастады.