АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға ресми сапары осы елдің негізін қалаушы әрі тұңғыш президенті Мұстафа Кемал Ататүріктің кесенесінен басталды, деп хабарлады Ақорда.
Қазақстан президенті Анытқабір кесенесіне жерленген ұлы қайраткердің рухына тағзым етіп, Құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Түркияның достығы нығая беретініне сенім білдіріп, бауырлас түрік халқының өсіп-өркендеуіне тілектестігін жеткізді", - деп жазылған хабарламада.
Гүл шоғын қою рәсіміне Қазақстанның ресми делегациясының мүшелері де қатысты.
Еске сала кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Түркияға ресми сапармен барды. Мемлекет басшысын Анкара қаласының "Есенбоға" әуежайында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған қарсы алды.