АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамптың ықтимал кездесуі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлады РИА Новости.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Путин мен Трамптың ықтимал кездесуі туралы мәселе күн тәртібінде болған жоқ және әлі де жоқ екенін айтты .
"Бұл мәселе күн тәртібінде болған жоқ және әлі де жоқ", - деді Песков журналистерге.
Бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин мен АҚШ президенті Дональд Трамп телефон арқылы сөйлесті.
Президенттер украиналық қақтығысты реттеу және Таяу Шығыстағы жағдайды талқылады