Министрлік зейнетақы төлеу қай кезде тоқтатылатынын түсіндірді

Зейнетақыны алмаудың мән-жайы анықталғанша төлем жасау тоқтатылады
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнетақыны төлеу қандай жағдайда тоқтатылатынын түсіндірді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары Баян Хасенованың айтуынша, Қазақстан азаматы елден тыс жерге шығып кетсе, я болмаса, ұзақ бойы зейнетақыны алмаған жағдайда төлемдер тоқтатылады.
"Зейнетақыны алмаудың мән-жайы анықталғанша төлем жасау тоқтатылады. Оны толығымен тоқтатпайды, уақытша бермей тұрады. Барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін зейнетақы қайтадан беріле бастайды. Заңда басқа шектеулер жоқ", - деді Хасенова үкіметте өткен брифингте.
Айта кетері, бұған дейін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жиналған ақшаның көлемін жариялаған болатын. Ал үкіметтің есебіне сәйкес, Қазақстанда жұмыс істейтін адамдардың үштен бір бөлігі үшін зейнетақы аударымы жасалмайды.
Қазақстандықтар баспана алуға және емделуге зейнетақы қорынан қанша ақша жұмсады