Әкімдердің жұмысын бағалау жүйесіне тағы бір талап енгізіледі

Ол халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталады
Sputnik
АСТАНА, 29 шілде – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесіне тағы бір талапты енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкіметтің бүгінгі отырысында жұмыспен қамту мәселесі қаралды. Министрлер кабинеті 2030 жылға дейін 3,3 млн адамды, соның ішінде 2,3 жас маманды жұмысқа орналастыруға тиіс. Осыған байланысты премьер-министр аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесіне тағы бір талапты енгізуге тапсырма берді.
"Келесі жылдың басынан бастап халықты жұмыспен қамтуды кеңейтуге бағытталған аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесін енгізу қажет", - деді Бектенов.
Ал цифрлық даму министрлігі жыл соңына дейін мемлекеттік органдар мен бизнестің деректерін біріктіріп, жаңа жұмыс орындарын құру бойынша бірыңғай цифрлық жүйені қалыптастыруға міндетті.
Вице-министр қай салаларда жаңа мамандықтар пайда болғанын айтты