Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Трамп Украинаға қатысты ультиматум шарттарын қатаңдатуы мүмкін

Бұл ретте Дональд Трамп АҚШ пен Еуроодақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін, шығын Еуропа есебінен болатынын хабарлады
Sputnik
АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығысты тоқтату келісіміне қол жеткізу үшін берілген уақытты қысқартуы мүмкін, деп хабарлады РИА Новости.
"Мен бұл 50 күнді қысқартамын. Өйткені мен жауапты және не болатынын білемін деп ойлаймын", - деді ол Шотландияда Ұлыбритания премьер-министрі Стармермен кездесу алдында журналистерге.
14 шілдеде АҚШ президенті Мәскеуге Киевпен бейбіт келісімге келуді талап етіп ультиматум қойды. Шарттарды орындамаған жағдайда мұнай, газ және басқа да энергетикалық ресурстарды сатып алатын елдерге екінші реттік баж салығымен бірге ресейлік тауарлардың импортына 100 пайыздық тарифтер енгіземіз деп қорқытты.
Бұл ретте Дональд Трамп АҚШ пен Еуроодақ Киевке америкалық қару-жарақ жіберуге келіскенін, шығын Еуропа есебінен болатынын хабарлады. Алдағы жеткізілімдер тек зымырандарды емес, Patriot батареяларын қамтиды.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтқандай, бұл мәлімдемелер өте маңызды, Мәскеуге талдау жүргізуге уақыт керек. Оның айтуынша, Владимир Путин қажет деп тапса, Трамптың сөздеріне түсініктеме береді.