АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі темір және қоспасыз болатты сыртқа шығаруға алты айға тыйым салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министр Ерлан Нағаспабевтың бұйрығына сәйкес, Қазақстан аумағынан көліктің барлық түрімен Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының кодтары бойынша темір және қоспасыз болатты сыртқа шығаруға болмайды. Олар:
7206 - құймалардағы немесе басқа бастапқы нысандардағы темір және қоспасыз болат (7203 тауар позициясындағы темірден басқа);
7207 - темірден немесе қоспасыз болаттан жасалған жартылай фабрикаттар.
Алты айлық шектеу енгізудің басты мақсаты – отандық металлургия кәсіпорындарын дайын өнімдерді шығаруға ынталандыру және болат құю өнеркәсібін кеңейту.
Бұл шешім "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы" заңының 6-бабы 1-тармағын мен Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабы негізінде қабылданып отыр.