АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Татарстан Республикасының Альметьевск қаласында (Ресей Федерациясы) "Каракуз фильм" халықаралық кинофестивалі ашылды, деп хабарлады ресейлік мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Фестиваль бағдарламасына Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Грузиядан, сондай-ақ Ресейдің әртүрлі аймағынан отыздан астам фильм енді.
Фестивальді қазақстандық "Шатырдағы азаматтар" фильмі ашты. Фильмді продюсер Әлия Шәріпбаева таныстырып, көрермендермен шығармашылық кездесу өткізіп, түсірілім барысы туралы әңгімеледі және көрермендердің сұрақтарына жауап берді.
"Шатырдағы азаматтар" - Гүлшат Смағұлованың дебюттік режиссерлік туындысы. Фильм екі ерекше адамның достығы туралы баяндайды: өткен өмірі қиын болған жас жігіт Дамир мен аутизммен ауыратын жасөспірім Костя. Фильм әлеуметтік бейімделу, инклюзия және қабылдау секілді маңызды тақырыптарды қозғайды.
Фестивальде француз күресінен тұңғыш әлем чемпионы атанған қазақ Қазымұқан Мұңайтпасов туралы баяндайтын "Қажымұқан" фильмі де көрсетілді.
"Каракуз фильм" жеті күнге созылады. Байқау бағдарламасына алты номинация кіреді: "Үздік көркем фильм", "Үздік деректі фильм", "Үздік анимациялық фильм", "Үздік қысқаметражды фильм", "Балалар таңдауы" жүлдесі, "Каракуз фильм" Гран-приі және бес арнайы жүлде.