АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Франция президенті Эммануэль Макрон X әлеуметтік желісінде Мәскеуге қысым күшейтілетінін хабарлады.
"Біз Украинаға көмекті арттырып, Ресейге қысымды күшейтуді жалғастырамыз", - деп жазды ол.
Сәрсенбі күні Макрон Германия канцлері Фридрих Мерцпен келіссөз басталар алдында онымен Украинаға қолдау көрсету мәселелерін талқылайтынын мәлімдеді. France Press агенттігінің хабарлауынша, көшбасшылар Украинадағы қақтығыс аясында франко-германдық серіктестікті жандандыруға ниетті екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Ресей Батыстың Киевке қару-жарақ беру түріндегі қолдауы НАТО елдерін қақтығысқа тікелей тарта отырып, оны реттеуге кедергі келтіріп жатқанын мәлімдеді. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров НАТО бұл текетіреске әскери техника мен керек-жарақ жөнелту арқылы ғана емес, сонымен қатар кадр дайындау арқылы да тікелей қатысып жатқанын атап өтті.