АСТАНА, 28 шілде – Sputnik. Алматы облысы Қаскелең шатқалында әйел параланнан құлап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқыс оқиға 27 шілдеде болған.
"Науқас ауруханаға сағат 20:00 шамасында келіп түсті. Омыртқасы сынып, жұлынына зақым келген. Аяғы да сынған", - дейді Қаскелең аудандық ауруханасындағылар.
Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр.